Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Банк акционерлеріне несие беруді шектеу керек

7kun.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 17:40 7kun.kz
Екінші деңгейдегі банктердің иелері мен акционерлерінің жауапкершілігін арттыру мәселесі өткір- Тоқаев.

«Қазақстан экономикасын дамытудағы банк секторының рөлі» атты кезекті парламенттік тыңдауда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев банк саласында ықтимал қауіп-қатерлерді басқарудың ұтымды моделін қалыптастыру міндеті тұр деп айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

«Біз банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына кедергі келтіретін әлсіз тұстарды алдын ала анықтауға басымдық беруіміз қажет. Бұл қаржы саласын реттеу мен қадағалау жүйесін заңнамалық тұрғыдан одан әрі жетілдіре түсуді талап етеді. Парламент, өз кезегінде Сенат Ұлттық банктің қаржы саласын реттеу мен қадағалауды одан әрі жетілдіру жөніндегі бастамаларын қолдауға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, қажет болса, тиісті заңдарға түзетулер енгізу арқылы Ұлттық банктің құқығын күшейтіп, екінші деңгейдегі банктердің иелері мен акционерлерінің жауапкершілігін арттыру қолға алынады деді.

«Мемлекет басшысы жағдайы күрделі банктердің қызметін орынды сынға алып, олардың акционерлерінен банк секторын сауықтыруға өз қаржыларын салуды және бұрын алған ақшаларын қайтаруды талап етті. Бұл ретте банк акционерлеріне және олармен байланысы бар тұлғаларға несие беруге заңмен шектеу қою керек. Бұл өз кезегінде банк активтерін шығарып әкетуге тосқауыл қоятын болады. Сенат осы маңызды шараға өз үлесін қосуға дайын» -деді Сенат төрағасы.

Ол сонымен бірге, көптеген банктердің айналымын «нашар» несиелерден тазарту жұмыстарын аяқтау қажет екенің қадап айтты.

«Қазіргі кезде Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама жиырма мыңнан астам азаматтың басындағы жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағдарламаны іске асыру арқылы қарыз алушыларға түскен ауыртпалық айтарлықтай азайтылды. Оларға банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау үшін тиімді мүмкіншілік жасалып отыр», -деді Тоқаев.

Сенат төрағасы Ұлттық Банк жоғарыда аталған мәселелерге кеңінен көңіл бөліп, қордаланған мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін екінші деңгейдегі банктермен кешенді жұмыстар жүргізуі қажет. Әрі, бүгінгі банк жүйесі ел экономикасын одан әрі жаңғыртудағы жаңа міндеттерді орындауға және азаматтардың заман талабына сай сұраныстарына әзір болуы тиіс деді.

«Қаржы институттарының сенімді болуы қаржылық тұрақтылықты сақтап қалуда ерекше маңызға ие. Банк қызметінің тұрақты дамуы тұтастай алғанда мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бүгінгі талқылаудың нәтижелері ұлттық банк жүйесін жетілдіруге өз септігін тигізеді деп сенемін», -деп ойын түйді Тоқаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: