Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев банк менеджментін сынға алды

qazaquni.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 17:47 qazaquni.kz
Ұлттық банкке банктердің портфельдерін «нашар» несиелерден тазартып, банктерден қаражатты шығаруды тоқтату жөнінде өте орынды талап қою тапсырылды.

«Қазақстан экономикасын дамытудағы банк секторының рөлі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қаржы жүйесін реттейтін негізгі құрылым – Ұлттық банктің алдына екінші деңгейдегі банк жүйесінің жұмысын қадағалау міндеті қойылғанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Соңғы кезде банк секторы жұмысының сапасына қатысты сын-пікірлер айтылуда. Сыни көзқарастағы осындай пікірлердің қаншалықты орынды айтылғанын бағамдап, оған себеп болған нақты жағдайларды анықтауымыз қажет. Бұл жөнінде бүгінгі тыңдау барысында да келелі ой-пікірлер айтылады деп ойлаймын. Дегенмен, бүгінгі күннің өзінде банк менеджменті күрделі өзгерістердің қысымына төтеп бере алмай, жаңа қаржылық дәуірдің талаптарына сай деңгейін көрсете алмағанын өкінішпен мойындауымыз керек", - деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысы қаңтар айындағы Жолдауында қаржы секторына серпіліс қажет екенін атап көрсеткенін еске салды.

"Еліміздің қаржы жүйесін реттейтін негізгі құрылым – Ұлттық банктің алдына екінші деңгейдегі банк жүйесінің жұмысын қадағалаумен қатар, банк портфелінің жағдайын сауықтыру мен берілген ипотекалық қарыздар мәселесін шешу міндеті қойылды. Сонымен қатар, Президент банктердің портфельдерін «нашар» несиелерден тазартып, банктерден қаражатты шығаруды тоқтату жөнінде өте орынды талап қойды", - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Оның айтуынша, бизнесті ұзақ мерзімге, тиімді мөлшерде несиелендіру арқылы ел экономикасының өсімін ынталандыру банк жүйесінің басты мақсаты.

"Елімізде Банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылды. Осы бағдарлама шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан банктерге мемлекет тарапынан қомақты қаржылық қолдау көрсетілді. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде банк саласындағы жағдай біршама тұрақталып, заңды және жеке тұлғалар салымдарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қаржы ресурстарының есебінен мүмкіндігі төмен банктерге қолдау көрсету жөніндегі мәжбүрлі шаралардың соңы осы болар деп үміттенетінін айтты.

"Мұндай саясат кейбір банктердің мемлекеттің қолдауына иек артып, қаржы саласындағы әділетті бәсекелестіктің бұрмалануына жол берумен қатар, банк секторы жұмысының тұрақтылығы мен беделіне теріс әсер етеді", - деп санайды Сенат Төрағасы.

Қорытындылай келе, палата басшысы қаржы секторын экономиканың қантамырлар жүйесі деп бекер атамайтынын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: