Елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

inform.kz inform.kz
Астана қаласы ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерді өз қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауын сұрайды.

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты (ЕК-32 және Е-49 көшелері құрылысының аясында) Тұран және Қонаев көшелерінің аралығында жатқан Достық көшесіндегі қозғалысқа 4-13 мамыр аралығында шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қала жолдарында кептелістерді тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарын өз қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 5 мамырға дейін Әлиев көшесінің Тоқпанов пен Тәуелсіздік даңғылы арасында жатқан бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.

Қазіргі таңда "Астана Су Арнасы" АҚ "Энергетик" шағын ауданындағы кәріз желілерінде орын алған олқылықтарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Гейдар Әлиев көшесінің аталған учаскесі бұған дейін де қозғалыс үшін жабық болған. Қазір мұнда апатты-қалпына келтіру жұмыстары әлі де жүргізілуде. Көлік қозғалысы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған кезде ашылады. Шектеу 5 мамырда алынады деп жоспарлануда.

Астана қаласы ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерді өз қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауын сұрайды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз