Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қайын атасының қолынан қаза тапқан семейлік қыздың анасы әділдік іздеуде

Жантүршігерлік оқиға осы жылдың 8-ші сәуірінде болған еді.

Сурет : ҚазАқпарат4 Мамыр 2018, 13:54

Оралда қайын атасының қолынан ажал құшқан семейлік Ақерке Қозыкешеваның анасы ШҚО прокуроры Құсайын Игембаевтан көмек сұрады. Жантүршігерлік оқиға осы жылдың 8-ші сәуірінде болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақерке 2015 жылы Орал қаласының тумасы Саят Қозыкешовке тұрмысқа шығады. 2016 жылы отбасында Әлішер есімді ұлдары дүниеге келеді. Кейін атасы мен әжесі немеремізді өзіміз қараймыз деп ұлы мен келінін Ақсай қаласына жұмыс істеуге жіберген. Бірақ ерлі-зайыптылар арасында мәселелер туындап, жолдасы басқа жұмысқа кететінін айтып, хабарсыз кеткен. Ал Ақерке содан кейін Оралдағы ата-енесіне барады. Олар ұлдарының онымен бірге тұрғысы келмейтінін айтып, Семейге қайтуын өтінген. Бірақ 2018 жылдың 10-шы ақпан күні жолдасы Саят Семейге келіп, әйелі мен оның отбасынан кешірім сұрап, 2 күннен кейін ұлын ұрлап кеткен. Мұны білген соң Ақерке 1 жас 6 айлық баласын алып кету үшін Орал қаласына барады. Бірақ немересін бергісі келмеген қайын атасы келінін пышақтап өлтірген. Енді қара жамылған отбасы құдаларынан жиен немересін қайтаруды талап етуде. Себебі, кішкентай сәбидің Оралда болуы қауіпті. «Өйткені қыздарының өліміне тек атасы Асылбек Омаров ғана емес әкесі Саят Қозыкешевтің де қатысы бар»,-дейді Ақеркенің анасы Бибігүл Ермұханова.

«Егер осындай жағдай боларын білсек жалғыз жібермес едік. Саят 10-ы күні Семейге келді. Барлығымыздан кешірім сұрады. Араларында бала болған соң кешірдік. 13 ақпан күні Ақкеркеге ғашықтар мерекесіне сыйлық жасағысы келетінін айтып, теміржол вокзалы маңындағы сұлулық салонына жаздыртып қойған. Салондағы қыздардан әйелін 4 сағатсыз жібермеуін сұраған. Ал өзі ұлымызды тамақтандырып, ойнатуға апарамын деп ұрлап кеткен», - дейді анасы.

Қазір әділдік іздеген анасы мен нағашы апайы «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келіп, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаевтан көмек сұрады.

«Бұл сұрақтардың барлығы біздің құзырымызда емес, ол Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының құзырына жатады. Бірақ сіздер көмек сұрап келіп отырғаннан кейін, біз сол жақпен хабарласып, бүгінгі жағдай қалай өрбуде екендігін біліп береміз. Алдағы уақытта Орал қаласының прокурорымен видео арқылы тікелей байланысқа шығаратын боламыз, - деді Құсайын Игембаев.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер