Жаңалықтар тізбегі
0

Ана сүті балалар өлімін 800 мыңға қысқартады – ДДҰ

www.forumdaily.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 20:04 www.forumdaily.com
Ана сүтінің құрамында туабіткен лимфоид жасушалар болатыны белгілі болды.

Ана сүтінің құрамында балаларды микробтардан қорғап, иммунитетін нығайтуға көмектесетін түрлі иммундық жасуша бар екені анықталды. Бұл туралы биолог мамандар JAMA Pediatrics журналында жариялаған мақалаларында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Адам өзінің микрофлорасын өмірге келген сәттен бастап құра бастайды. Біз көптен бері сәбиді алғашқы секундтардан бастап қорғайтан жасушалар тобын немесе материал табуға тырысып келдік», - деді АҚШ-тағы Огаста университетінің ғалымы Джек Ю.

ХХ ғасырдың басына дейін Жер бетіндегі барлық сәби алғашқы 6 айда ана сүтімен қоректенді. Жағдай ХХІ ғасырдың ортасына қарай өзгере бастады. Бұл уақытта ана сүтін жасанды ұнтақтар алмастырды. Қазір АҚШ-тағы балалардың 40%-ы осылай тамақтанады. Еуропа мен Ресейдегі олардың үлесі 1 мен 10% арасында.

Зерттеу ана сүтінің бала үшін пайдасы зор екенін көрсетіп отыр. Ол баланың иммундық жүйесінің жұмысын жақсартып, ішек микрофлорасы жұмысын қалпына келтіреді, IQ деңгейінің көтерілуіне әсер етіп, болашақта оларды өмірдің түрлі жағдайына тез бейімделетіндей етіп қалыптастырады. ДДҰ мәліметіне сәйкес, әйелдер балаларын алғашқы айда өз сүтімен асырайтын болса, онда балалар өлімі 800 мыңға қысқаратын еді.

Ю мен оның әріптестері төрт әйелдің сүтін алып, оның құрамына зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ана сүтінің бала денсаулығына қалай әсер ететінін анықтады. Ғалымдардың айтуынша, дәрігерлер мен биолог мамандар сүт құрамында «өлі» ақуыз, май және көмірсу барын бұрыннан біледі. Жуырда, сондай-ақ, оның құрамында сәби анасының тірі жасушалары болатыны анықталды. Күн сайын сәби немесе жануар баласы анасының 100 млн тірі жасушасын өз бойына сүт арқылы сіңіреді.

Жоғарыдағы зерттеу нәтижесіне сәйкес, ана сүтінің құрамында туабіткен лимфоид жасушалар болатыны белгілі болды. Бұл жасушалардың бір бөлігі сәбидің ішегінде қалса, екінші бөлігі басқа ағзаларға енеді.

Юдің айтуынша, бұл жасушалар екі қызмет атқарады. Біріншіден, олар инфекциямен иммунитеттің өзге бөліктерін бағыттау арқылы күреседі. Екіншіден, өзге иммундық денелерге микробтар мен қауіпті вирустарға қалай қарсы тұру керектігін үйретеді. Мұнымен қатар, сүт арқылы енетін денелер ана мен сәбиді ауру жұқтырып алудан қорғайды. Болжам бойынша сәби ауырған кезде олардың саны ұлғая түседі. Биолог мамандар болашақта осы денелерді жасанды ұнтақтар құрамына қосу мәселесін ойластырып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: