Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақышев «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін не істеу керектігін айтты

Бастапқы кезеңде тек жаңа тұрғын үйді сатып алу өтінімдері қарастырылады деп болжануда.

Сурет : odome.kz4 Мамыр 2018, 14:18

Астанада өткен ҚР Парламенті Сенатының мәжілісінде сөйлеген сөзінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасына қатысқысы келетін азаматтарға бірқатар ұсыныстар жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк төрағасының айтуы бойынша, біріншіден, сатып алынатын баспананы таңдау керек. Осы орайда тұрғын үйдің шекті құны белгіленеді. Мысалы, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау секілді қалалар үшін баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгені құрайды, ал өзге өңірлерге ең жоғары бағаны 15 млн теңге сомасында белгілеу көзделіп отыр. Бастапқы кезеңде тек жаңа тұрғын үйді сатып алу өтінімдері қарастырылады деп болжануда.

«Екіншіден, бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тиісті өтініммен және құжаттармен банкке келуі тиіс. Біз таяуда қажетті қаржылық көрсеткіштері мен дамыған филиалдық желісі әрі қызмет көрсету жағдайы бар банктерді айқындаймыз. Сонымен қатар қажет құжаттардың базалық тізімін нақтылаймыз», - деді Ақышев.

Ол сондай-ақ, баспана алуға ниетті адамда несиеге қызмет көрсету үшін қажетті табыстылық деңгейі болуы керектігін, тұрғын үй алатын адамның меншігінде баспанасы болмауы тиіс екенін айтып өтті.

"Ұлттық банк аталған ережелерде түсіндіру үшін барлық қажетті шараларды іске асырып, халықпен белсенді жұмысқа әзір», - деп түйіндеді Ұлттық Банк басшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер