Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда екі әйел Ұлы Отан соғысы ардагерінің 600 мың теңгесін ұрлады

amazonaws.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2018 16:58 amazonaws.com
600 мың теңгені қолды қылған қос азамат анасы мен қызы болуы мүмкін.

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Янченко өзін тонап кеткен адамдарды жазалауды талап етуде. Екі әйел азаматтың пәтеріне кіріп, 600 мың теңгені ұрлап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Оқыс жағдай өткен жылы болған. Алдымен қылмыстық іс қозғалған, кейін тоқтатылып, қайта жанданған. Ардагердің жолдасы, тыл еңбеккері Любовь Янченкоға прокуратураның көмегіне жүгінуге де тура келген. Әзірге іс сотқа жіберілген жоқ.

«Қарттарды алдап соғып, тонаған адамдарға кешіріммен қарауға болмайды. Олар сазайларын тарту керек. Бұл жайтқа бейжай қарауға болмайды. Бізді тонағандарды көршілеріміз жақсы танып, үйімізге келгенін растап отыр», - дейді 87 жастағы Любовь Янченко.

600 мың теңгені қолды қылған қос азамат анасы мен қызы болуы мүмкін. Олар көршілерін іздеп, Любовь апайдың үйіне келіп, шай ішкен. Соғыс ардагерінің жұбайының айтуынша, қонақтардың бірі бөлмеге кіріп, ақшаны ұрлаған. Қарттар үлкен соманың жоқтығын екінші күні байқап, ішкі істер органдарына хабарлаған. Десе де, екі әйел кінәларын мойындаудан бас тартып отыр.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі бойынша қозғалды. Бұл – бөтеннің мүлкін тонау дерегі. Іс зейнеткердің өтінішінен соң бірден қозғалды», - дейді Баян Мағзұмова.

Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда ортамызда Ұлы Отан соғысының 100 ардагері бар. Олардың 22-сі Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік шеруге қатысады.

«Көзі тірі ардагерлердің 70-сі Павлодар қаласында тұрады. Өкінішке қарай, жуырда екі Ұлы Отан соғысының қатысушысынан айырылдық. Сонымен қатар, өңірде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңілдіктеріне теңестірілген 1 910 тұлға мен 9 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады», - дейді ведомство басшысының орынбасары Лариса Гүлнәр Камалова.

Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің хабарлауынша, Жеңіс күні қарсаңында 17 Ұлы Отан соғысы қатысушысының суреті бейнеленген 17 баннер орнатылады.

Ақмаржан Әділбек

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: