Оңтүстік Қазақстанда көршісінің 13 жасар ұлын зорлаған жігітке сот үкімі шықты

otyrar.kz otyrar.kz
Сайрам ауданының тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Оңтүстік Қазақстан облысында көршісінің 13 жасар ұлын зорлаған жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 1991 жылы туған жігіт көршісінің 13 жасар ұлына жыныстық сипаттағы зорлық жасаған. Қарабұлақ ауылында тұратын 27 жастағы жігіт үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып жасөспірім ұл баланы құшақтап, сүйіп, арам пиғылын іске асырған.

ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында аталған жәйт бойынша қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот медициналық сараптама нәтижесінде кінәсі дәлелденіп, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Оған ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни кәмелетке толмаған тұлғаға жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткені үшін айып тағылды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз