Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамытуға қатысты тапсырмалар берді

Алматы еліміздің ең ірі және көрікті қаласы болып қала бермек.

Сурет : ҚазАқпарат6 Мамыр 2018, 20:57

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының спорт инфрақұрылымын, медициналық қызмет көрсету және цифрландыру нысандарын аралап көргеннен кейін, Нұрсұлтан Назарбаевқа қала әкімі Бауыржан Байбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.

«Алматы еліміздің ең ірі және көрікті қаласы болып қала бермек. Сол себепті әкімдік қалаға деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, шынайы ықыласпен жұмыс істеуі керек. Мен жолдардың, мектептер мен балабақшалардың жөнделіп, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсара түскенін, сондай-ақ жаңа аудандардың пайда болғанын көріп отырмын. Бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізу қажет», - деді Елбасы.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер