Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қыздар университеті Англияның беделді оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты

Western International Сollege директоры, профессор Кедрик Д. Белл екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың арта түсетіндігіне сенім білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін жеткізді.

Сурет : salon-lepota.ru10 Мамыр 2018, 11:36

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Ұлыбританияның бірқатар жетекші жоғары оқу орындары білім беру, ғылыми және мәдени байланыстар бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова мен Англияның Western International Сollege директоры, профессор Кедрик Д. Белл өзара келісім орнатып, әріптестік байланыс орнатуға уағдаласты.
Құжат академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер, профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер алмасуды, бірлесіп ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруды, ағылшын тілі курстарын ұйымдастыруды, қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында оқытуды қарастырады. Сондай-ақ, меморандумда академиялық ақпараттармен, оқу-әдістемелік құралдармен және материалдармен бөлісу, өзара келісім-шарттар негізінде басқа да академиялық ынтымақтастықтар орнату көзделген.

Кездесуде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова педагогикалық білім ордасы турасында сөз қозғап, тараптар ғылыми-мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға бағыталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселелерін талқылады.

– Алдына қазіргі уақыт талабына толық жауап бере алатын педагог кадрларды даярлауды мақсат етіп қойған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өзінің қызметін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізеді. Университеттің 6 факультетіндегі 28 кафедра бакалавр бойынша – 42, магистратура бойынша – 23 және PhD докторантура бойынша 4 мамандық негізінде мұғалімдер дайындайды. Сонымен қатар, сырттай оқу бөлімінің студенттері 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып, білім алады. Бүгінде оқу орнында жалпы саны 7 мыңға жуық студент, магистранттар мен докторанттар оқиды. Оларға 55 ғылым докторы, 230-дан астам ғылым кандидаты мен 90-ға жуық PhD докторанты мен ғылым магистрі дәріс береді. Университеттің 30 ұстазы «Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау кезінде – 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясын осы жылдар аралығында мыңдаған түлек бітіріп шықты. Қазіргі күнде мұнда студенттердің сапалы білім алып, ғылыммен, өнермен, спортпен айналысуы үшін, олардың бойында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дарыту орайында бірқатар жұмыстар жасалып, университет отандық жоғары оқу орындары арасында үлкен беделге ие болып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады, – деп атап өтті Гаухар Төремұратқызы.

Оқу орны ректорының айтуынша, қазіргі таңда Қыздар университеті әлем елдерінің 30-ға жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Үндістан, Франция, Қытай, Германия, Түркия, Малайзия сынды мемлекеттердің беделді университеттері бар.

Өз кезегінде Western International Сollege директоры, профессор Кедрик Д. Белл екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың арта түсетіндігіне сенім білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, басқосу барысында қос оқу орны туралы арнайы бейне презентация көрсетіліп, ерекшеліктері жайында кеңінен сөз қозғалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер