Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада санитарлық талаптар бұзылған 8 мектептің директоры жазаланады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2018 16:05 Сурет: zakon.kz
Сәуір айынан бері Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен бірге ата-аналардың қатысуымен мектептегі қауіпсіздік пен тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді.

Астанада асхананың санитарлық талаптарын бұзған 8 мектеп анықталды. Енді осы мектептің директорлары тәртіптік жазаға тартылады. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сәуір айынан бері Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен бірге ата-аналардың қатысуымен мектептегі қауіпсіздік пен тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, 84 ұйымның ішінен 62 мектепке қатысты ешқандай ескерту болған жоқ. Ал 14 мектепте ұсақ ескертулер жасалды. Оларға асханадағы тазалық, өрттен шығу жолдарының тазаланбауы сияқты кемшіліктер бойынша ескерту жасалды. Сондай-ақ, 8 мектепте өрескел бұзушылық анықталды. Ол мектептерде өрт қауіпсіздігі сақталмай, асханалар санитарлық талапқа сай болмай шықты, тіпті ас әзірлеуде тамақтың технологиялық картаға сай келмеуі, тамақтың аз берілуі, аспазшылардың гигиенаны сақтамауы және азық-түлікті сақтау шарттарының бұзылуы белгілі болған. Тексеру жұмыстарынан кейін 8 мектептің директорына тәртіптік жаза тағайындалады. Осы мектептерге қысқа мерзім ішінде кемшіліктерді жою тапсырылды», - деп жазды Әнуар Жанғозин Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында мектептерде тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу үшін сарапшылық комиссиясының құрамына енетін ата-аналарға оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: