Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оралдық азамат енесін атып өлтіріп, қайны атасын жарақаттаған

Қазіргі уақытта қанды оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Сурет : stan.kz11 Мамыр 2018, 10:26

Бейсенбі күні кешке таман Орал қаласы «Құрылысшы» ықшамауданының маңында атыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жедел жәрдемнің сағат 20.24-те шақырылғанын және оқиға орнына үш минут ішінде келгенін айтты.

«Оқ тиіп, жарақат алған 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Сондай-ақ, 1951 жылы туылған ер адам ауруханаға жеткізілді. Ішіне оқ тиген азаматқа 6 сағат бойы ота жасалды. Науқастың жағдайы ауыр», – деді А.Сақпосынова.

Куәгерлердің айтуы бойынша, жас жігіт енесін атып өлтіріп, қайын атасын жарақаттаған.

Қазіргі уақытта қанды оқиғаның себебі анықталып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер