Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2018 17:12 Сурет: zakon.kz
Мәскеу прокуратурасы сотқа Ертаевты 16 маусымға дейін қамауда ұстау туралы шешім қабылдауды.

Бұған дейін халықаралық іздеуде болып, жақында ғана қолға түскен қазақстандық белгілі банкир Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын беруді сұрады. Бұл туралы РИА Новости-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кеше, бейсенбі күні Мәскеудің Пресненск аудандық сотында Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы шешім қабылданған кездесу өтті.

«Сот Ертаевтың Ресей азаматтығын алу туралы өтінішін қарау нәтижелерімен бірге, қосымша дәлелдемелер ұсынғанға дейін оның қамауда отыру уақытын ұзартуды қажет деп санайды», – деді сот төрағасы.

Мәскеу прокуратурасы сотқа Ертаевты 16 маусымға дейін қамауда ұстау туралы шешім қабылдауды, сондай-ақ, қазақстандық банкир халықаралық іздеуде болғандықтан қамауға алу мерзімі өткеннен кейін өз Отаны Қазақстанға жіберуді сұрады.

Атышулы банкир 8 мамырда Мәскеуде ұсталды. Ол алаяқтыққа қатысты үлкен көлемде ақша жымқырғаны үшін халықаралық іздеуде болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: