Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

​Кубокқа толтыра құйылған арақты ішкен жігіт желіні шулатты

Бейнежазба тойханада түсірілген.

Сурет : ernur.kz11 Мамыр 2018, 16:31

Whatsapp желісі арқылы кубокқа толтыра құйылған арақты сіміріп салған жігітті түсірген видео тарады, деп жазады ERNUR.KZ.

Бейнежазба тойханада түсірілген. Онда көпшілік жиналып әлдебір қуанышты жиын өтіп жатқаны аңғарылады. Дауыстарға қарағанда, оны асаба жүргізіп жатыр. Автор оны видеоға түсіріп әлеуметтік желі арқылы таратқан.

Видеода көрсетілгендей, ортаға шыққан бір ер-азамат үлкен кубокты ұстап тұрады. Оған басқалар екі бөтелке арақ құяды (бейнежазбада арақ бөтелкесі анық көрінеді). Оны құйғанға дейін ыдыстың ішінде мөлдір түсті сұйықтық бар болатын. Ыдысқа құйылған ішімдікті көп жігіттің ортасында тұрған біріне ұсынады.

«Ал, эстафетаны табыс етеміз! Келесі жылы 1982 жылғы жігіттер 20 жылдық мерейтойда аман-есен бас қосайық деген үлкен сенім білдіріп, алтын жалатылған кубокты ұсынамыз», - дейді асаба (болуы мүмкін).

Осыған қарағанда, бұл мектеп бітіруші түлектердің 20 жылдық кездесуі болуы ықтимал.

Содан соң бейнежазбада баяндалғандай,көпшіліктің қолдауымен жігіт кубок толы ішімдікті тоқтамастан сіміріп салады. Тіпті, біреулер қанша секундта ішіп болатындығын қадағалап санап тұрса, енді бірі ішіп жатқанына қарап тұрады.

Осы кезде асабаның өзі (болуы мүмкін) жігіттің көп мөлшердегі ішімдікті ішкенін уайымдап кетсе керек, «Ойбааай!» деп қалғаны естіледі.

Жігіт кубок толы ішімдікті сіміріп салған соң оған көпшілік қуанып, бірі оны көтеріп алса, басқалары секіріп қуанған кейіп білдіреді. Осы уақытта «Ал, 82-лер! Құтты болсын! Аманатқа қиянат жасама дейді...» деген асабаның (болуы мүмкін) дауысы шығады.

Видеоның қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Жаргон сөздерге қарағанда, бұл оңтүстік өңірдің бірінде түсірілген болуы мүмкін.

Видео әлеуметтік желіден алынды


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер