Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Сочи қаласына барды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2018 19:40 Сурет: zakon.kz
Кеңес отырысында Армения мен Қырғызстанның одаққа мүшелікке өткеннен бергі есебі тыңдалады.

Сочиде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Басқосуда интеграция жайы қаралады деп жоспарлануда. Жалпы кеңестің күн тәртібіне 15 мәселе шығарылған, соның екеуі шағын құрамда талқыланады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Цифрлық технологияларды дамыту жоспары да тілге тиек болады. Цифрлық жүйеге түбегейлі көшу бір күндік жұмыс емес. Бұл бағдарламалық құжат Еуразиялық бестікке сауда саласын бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді.

Кеңес отырысында Армения мен Қырғызстанның одаққа мүшелікке өткеннен бергі есебі тыңдалады.

Дана Жүнісова, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: - Алдыңғы жоғары Еуразиялық кеңес отырысында Президенттер деңгейінде қабылданған шешімдер бойынша есеп тыңдалады. Цифрлық сауданы енгізу бойынша бастамалар талқыланбақ. Бұл еркін сауда аймағында тауар айналымы мен жалпы ішкі өнім көрсеткішін арттыру үшін қажет. Өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда айналымы 26 пайызға өсті. Ал 2018 жылдың 2 айында 14 пайызға жетіп отыр.

Тимур Жақсылықов, ЕЭК экономикалық және қаржылық саясат жөніндегі министрі: - Одақтас елдер арасында 43 қызмет түріне қатысты жеңілдіктер жасауға келісім бар. 2022 жылға дейін 18 cекторды соған өткізу жоспарланған. Қазір соның 9-ын қарап, талқылап жатырмыз. Сонымен бірыңғай 51 қызмет түрі жеңілдетіліп, толықтай соған өтеді. Бұл дегенміз одақтағы елдер көрсетілген қызмет түрлеріне қатысты бір-бірінен салықтар алмайды, ешқандай шектеулер қойылмайды. Заңды тұлғалар одаққа мүше елдің ішіндегі нарығында жұмыс істесе, аталған елде қайта тіркелмей қызметін жүзеге асыра бермек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: