Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елімізде бет-әлпетті тану жүйесі әзірленіп жатыр

Министрлік барынша отандық бағдарламалық өнімдерді қолдануға тырысуда.

Сурет : Sputniknews.kz14 Мамыр 2018, 15:22

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі кешені министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға бет-әлпетті тану жүйесі не үшін қажет екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, отандық бет-әлпетті тану жүйесі былтыр басталған. Ұлттық ғылыми кеңес әзірлемеге оң баға бергенмен, жоғары ғылыми-техникалық комиссияда қаржыландыруға ілікпеген.

"Біз қазір өзіміз дайындаған заң жобасының қабылдануын күтіп отырмыз. Бұл осындай әзірлемелерді қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл жабық әзірлеме болғандықтан, біз ғылым туралы заңға сәйкес, оны шетелдік сарапшыларға бере алмаймыз. Сондықтан келесі жылдан бастап аталған жобаларды қаржыландыра аламыз", — деді министр.

Атамқұлов жұмыс қаржының жоқтығынан кешеуілдеп жатқанын атап өтті.

"Бұл отандық өнім. Бет-әлпетті тану жүйесі, мәселен ақылды қала үшін қолданылады. Бізде отандық бағдарламалық өнімдердің паролі мен коды бар. Сондықтан бүгінде біз барынша отандық бағдарламалық өнімдерді қолдануға тырысамыз", - деді ведомство басшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер