Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар облысында дәмханадан ноутбук пен алгоколь ұрлаған азамат ұсталды

Полиция қызметкерлері 37 жастағы бұрын сотталған ер азаматты құрықтады.

Сурет : Рavlodarnews.kz15 Мамыр 2018, 11:51

Ақсу қаласының дәмханаларының бірінде ноутбук пен алгокольді сусындарды қолды еткен азамат ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуезов көшесінде орналасқан дәмхананың иесі заттарының жоғалғаны жайлы полицияға арыз жазған.

- Зардап шекен кәсіпкер оның дәмханада сағат 22.00-ге дейін болғанын айтқан, - деді баспасөз қызметінде. – Ғимараттың ішінде күзетшілер ғана қалған. Ал, таңертең дәмханаға келісімен құны 120 мың теңге тұратын ноутбук пен кейбір алкогольді сусындарының жоғалғанын анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер азаматты құрықтап, заттай айғақтар – ноутбук пен алты шөлмек коньяктың жартысы тәркіленген.

Аталмыш фактіге қатысты Р ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер