Қостанайлық азамат тілін алмаған қызын тәрбиелеймін деп, оны пышақтап өлтірді

Stan.kz Stan.kz
Қостанайлық азамат 2016 жылы ғана түрмеден шыққан екен.

Ішімдікке мас болған Қостанай қаласының тұрғыны тілін алмаған қызын тәрбиелемекші болып, оны пышақтап өлтірді. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Бұл іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 14-тармағындағы 2-бөлігіне «өлтіру» сәйкес Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Сот мәлімдегендей, қостанайлық азамат 2016 жылы ғана түрмеден шыққан екен. Ол 2002 жылы туылған қызымен туған әпкесінің үйінде тұрған. Сонымен қатар, ол қызымен отбасылық қарым-қатынасын сақтау үшін оны тәрбиелеуге тырысқан.

«2018 жылдың наурызында мас болған азамат «қызым мені әкесі ретінде тыңдамайды» деп, жанжал шығарған. Содан пышақпен қаруланған әкесі тілін алмаған қызын бірнеше рет пышақтаған. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өмірлік маңызды ағзаларына зақым келгендіктен, оқиға орнында көз жұмды», – делінген сот отырысында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз