Жаңалықтар тізбегі
0

Үйден шықпай жүргізуші куәлігін қалай жаңартуға болады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2018 23:46 Сурет: zakon.kz
Электронды үкімет порталынының (egov.kz) «қызметтер» парақшасына өтіп - одан ары «жүргізуші куәлігін алу» бөлігіне кіресіз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай өзінің Фейсбук парақшасында үйден шықпай-ақ жүргізуші куәлігін қалай жаңартуға болатыны туралы видеомен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен, Электронды үкімет порталынының (egov.kz) «қызметтер» парақшасына өтіп - одан ары «жүргізуші куәлігін алу» бөлігіне кіресіз. Назар аударыңыз - жаңа құжатқа қол жеткізу үшін сіздің фотосуретіңіз электронды түрде және қолтаңбаңыздың сканерленген түрі болуы керек. Фотосуретке және қолтаңбаға қойылатын талаптармен осы парақшадағы ақпарат арқылы таныса аласыздар», - делінген видеода.

Содан кейін сіз авторизациялау процесінен өтуіңіз керек.

Яғни, тіркелген кездегі ЖСН мен пароліңізді енгізесіз де, «Жүйеге кіру» бастырмасын басуыңыз керек. Осыдан кейін компьютер сізді «қызметтер» парақшасына қайтарып әкеледі. Бұдан соң аталмыш парақшадағы қызғылт-сары түспен белгіленген «онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басуға тиіссіз. Оны басқан кезде жүргізуші куәлігіңіздің суреті пайда болады. Оның астында жеке төлқұжатыңыз, тіркелу пунктіңіз туралы мәліметтер беріледі. Яғни, сіз сол пунктке барып, құжатты алып кете аласыз. Парақшаның «Қан тобы» бөлігінде сіз өзіңіздің қан тобыңызды белгілеуге тиіссіз.

Одан кейін ашылған төлқұжатқа компьютеріңізде сақталған фотоңызды енгізу керексіз. Яғни, «жүктеу» қызметі арқылы жаңа құжатта көрсетілетін фотоңызды енгізесіз. Егер барлығын дұрыс жасасаңыз, сіз жүктеген фотосурет ашулы тұрған жүргізушілер куәлігіне түседі. «Одан кейін сіз өзіңізді қолтаңбаңыздың сканерленген үлгісін енгізуге тиіссіз. Ол да фото енгізгендей жүктеледі. Фотосуретіңіз бен қолтаңбаңыз жүктелгеннен кейін сіз «өтінішті жолдау» батырмасына басасыз. Компьютер сізді мемлекеттік пошлинаны төлеу парақшасына өткізеді. Ол жерден тиісті пошлинаны төлеуге болатын жақындағы салық органын таңдап ала аласыз да, «төлеу» қызметін басасыз. Сізді «Төлем шлюзы» бөлігіне өткізеді. Яғни, ол жерден қай банктің картасымен төлемді жүргізу болатыны жайлы таңдауы беріледі», - делінген видео хабарламада.

Жеке кабинет арқылы сіз жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін керекті электронды өтінішті қалай толтыру керектігін біле аласыз.

Осыдан кейін сізге ІІМ қызметкерлері арқылы жеке өзіңізді растау үшін мамандандырылған ХҚО-ға бару керек. ХҚО-ға барғанда параққа шығарылған электронды өтінішті, ауыстыру үшін қолыңыздағы жүргізуші куәлігін, жеке куәлігіңізді, 083 формалы медициналық анықтаманы, жүргізуші куәлігінің берілуі үшін мемлекеттік пошлинаның төленгені туралы түбіртекті алып барасыз. Ендігі кезекте, электронды үкімет порталы арқылы сіз жүргізуі куәлігін қалай ауыстыруға бола алатынын білесіз

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: