Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2018 21:19 Сурет: zakon.kz
Банктен ақша алып беру қызметін бүркемеленген алаяқтар карточка иесіне қатысты жеке мәліметті білуге тырысады.

"Астана банкінің" клиенттеріне банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді жамылып, алаяқтық жасау жайттарының көбейіп кеткендігі ескертілді, деп жазады sputniknews.kz.

Банк клиенттерден мұқият болып, арандатуға жол бермеуді, сондай-ақ мұндай оқиғалар туралы хабар беруді сұрады.

"Алаяқтық жайттарының жиілеп кеткендігі туралы хабар бергіміз келеді: банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді бүркемеленген алаяқтар картаның иесіне қатысты мәліметтерді сұрайды, яғни нөмірі, пайдалану мерзімі және CVV-коды", — делінген банк хабарламасында.

Қаржы мекемесі атап өткендей, банк туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде көрсетілген: корпорациялық сайт, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар, сондай-ақ колл-центр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: