Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар қаласында 183 жекеменшік үйді үш жыл бойы су басуда

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2018 18:26 Сурет: zakon.kz
Тұрғындардың айтуынша, екі жыл бұрын осы аумақтағы екі бірдей дренаж жүйесі жұмыс істеп тұрған.

Облыс орталығындағы Екінші Павлодар шағын ауданындағы 200-ге жуық жекеменшік үйді су басты. Тұрғындардың айтуынша, осындай жағдай үш жыл қатарынан қайталанып келеді. Десе де, жергілікті билік бұл мәселеге алаңдамайтын сыңайлы, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Жаңбыр жауса болғаны, үйлерін су басқан азаматтардың қатарында зейнет жасына жеткен Динаш Сарбасова бар. Оның айтуынша, бүгінгі таңда үш бөлмелі баспанасы апатты жағдайда, қабырғалары құлауға шақ қалған. Ол аздай, монша, гараж сынды шаруашылық нысандардың барлығы бұзылып кеткен.

«Екінші Павлодар шағын ауданында 20 жыл бойы тұрып келеміз. Соңғы үш жыл қатарынан көктем келсе болғаны, үйімізді су басады. Көтерілген судың деңгейі 20 сантиметрге жетті. Былтыр үйімізге жөндеу жүргізген едік, алайда, жұмсалған қаражат далаға кетті. Көктің иісі шығатын үйді тұра алмағандықтан, 50 мың теңгеге пәтер жалдап тұруға тура келді», - дейді Динаш Сарбасова.

Тұрғындардың айтуынша, екі жыл бұрын осы аумақтағы екі бірдей дренаж жүйесі жұмыс істеп тұрған. Алайда, олардың орнына екі коттедж салынып, жерасты суларының тепе-теңдігін сақтап тұрғын құрылғылар істен шыққан. Яғни, жерасты суларының табиғи қозғалысына кедергілер жасалған. Салдарынан жерасты сулары көтеріле берген.

Басар тауы, барар жерлері қалмаған тұрғындар ел Үкіметіне хат жазуға мәжбүр болған. Бүгінгі күнге дейін сегіз бірдей көшенің 183 тұрғыны құжатқа қол қойған.

«Мен Алтайская көшесінде тұрамын. 70 шаршы метрлік баспанамды екінші деңгейлі банк арқылы ипотекалық несиеге алған едім. Бүгінгі жағдайы – осы. Қабырғаларым сөгіліп, жертөлелерді су басып, еденге дейін көтерілді. Сондықтан, біз тұрғындардан қол жинап, Үндеу жарияладық. Жергілікті әкімдікке талай рет шағымдандық, нәтиже болмады», - дейді Айнаш Сүтбаева.

«Венецияға» айналған шағын аудан тұрғындарының жанайқайын естіген шенеуніктердің айтар өз уәжі бар.

«Алтайская, Запарожская, Якутская көшелерінің жерасты сулары көтерілді. Сәйкесінше, үйлерді су басты. Былтырғы жылы 183 метрлік көлденеңді днераж құралы салынды. Павлодар технологиялық колледжінің аумағында нассос станциясы салынды. Қазіргі уақытта су Димитров көшесінің бойындағы коллекторлық кәріз жүйесіне босатылып жатыр. Ертеңнен бастап Павлодар гидрогеология мекемесі мамандарымен бірлесіп, дренаж ұңғымасын қазамыз. Кейін бұл ұңғыманың қызмет ауқымы анықталады. Су сорыла бастады. Сонымен қатар, проблемалық аумақтарда тағы ұңғымалар қазамыз», - дейді Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Ниолай Казанин.

Айта кетейік, былтырғы жылы су деңгейі маусым айына дейін нормадан артық болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: