Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендеді - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда Бес жаңа әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанын еске салып өтті.

Сурет : www.inform.kz17 Мамыр 2018, 13:46

Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендетілді. Бұл туралы Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда. Бұл бағытта кедейшілік 13 есеге төмендетілді, яғни 40 пайыздан 3 пайызға дейін. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда Бес жаңа әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанын еске салып өтті.

«Бұл бастамалар қолжетімді баспанамен, сапалы жоғары біліммен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, салық салудағы әділдікке, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. Осы қадамдар ел тұрғындарының әл-ауқатын тұрақты дамытуға әрі жақсартуға ықпал етеді», - деді Елбасы.

Тақырыпқа қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер