Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Назарбаев: біз, қазақстандықтар – оптимистпіз

Бүгін елордада басталған АЭФ Global Challenges Summit 2018 жұмысы үш күнге, 19 мамырға дейін жалғасады.

Сурет : Sputniknews.kz17 Мамыр 2018, 14:43

Қазақстан халқы болашаққа оптимизммен қарайды. Бұл туралы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Global Challenges Summit 2018 пленарлы отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Кеңес одағында 15 республика болды, Қазақстан 12-13-ші орында еді. Ресейден кейін Украина болатын. Бүгінде Қазақстан экономикасы мен өсім қарқыны бойынша екінші орында. Әрине, қиындықтар бар. Барлығы қарқынды дамып жатыр, біз ұзақ жыл осы күнге дайындалдық, осы жолға ұмтылдық. Біздің альтернативті индустрия құру бағытындағы жұмысымыз, жастарды оқытуға талпынысымыз, жоғару оқу орындарын ашуымыз –барлығы да бүгінгі күнге дйындық болды. Сондықтан Черчилльдің сөзімен айтсақ, "пессимист бәрінен тек жаманды іздейді, ал оптимист – жақсыны", мен біз, қазақстандықтар, оптимистпіз деп санаймын", — деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы болашаққа зор үмітпен қарайтынын айтты.

"Қазақстан аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ халқы мен экономикасы жағынан шағын ғана. Десек те Орталық Азияда біздің экономиканың көлемі Кавказды қоса алғанда, қалған мемлекеттерден тұтастай алғанда жоғары. Біз мұнымен мақтанамыз. Біз болашаққа оптимизммен қараймыз. Болашақта жаңа техниканы, технологияны меңгерген елдер қатарында болғымыз келеді", — деді Елбасы.

Форумға қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер