Жаңалықтар тізбегі
0

Арбаға таңылған қазақ қызы әлемдік би сайыстарында топ жарған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2018 21:30 Сурет: zakon.kz
Бойжеткен өнерін тастамайтынын айтады.

Малика Мұхтарова дүние есігін аша салысымен тағдырдың сынағына көніп келеді. Ол тумысынан арбаға таңылған. Айтуынша, анасы босанған шақта дәрігерлер оған “қызынан бас тартуға” кеңес берген. Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Кішкентайымнан осылай болдым. Анам ауруханаға түскенде дәрігерлер: “Қызыңыз осылай болып туды, бас тартыңыз”, – деген. Әжеме де, әкеме де айтқан. Бірақ олар бас тартпады. “Біздің баламыз, біз оны ешқашан да тастамаймыз” деген”, – дейді Малика.

Жақындарының қолдауының арқасында Малика ауыз толтырып айтуға болатындай жетістіктерге жетті. Бимен айналысып, халықаралық байқауларда топ жарды.

“Бірінші үлкен жетістігім – Санкт-Петербург қаласында “Кубок континентов” деген сайыс болған. Сонда үшінші орын алдым. Өте қобалжыдым, өйткені ол мен қатысқан алғашқы халықаралық сайыс. Мықты спортшылар көп болды. Сосын Азия чемпионатына қатыстым. Одан бірінші орын аламын деп ойламадым. Бір емес, 2 бірінші орын алдым. Сенің артыңда көк ту желбіресе, әнұран шырқалса, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Және де Бельгияда әлем чемпионаты өтті. Сонда екі қола жүлде алдым. Енді Франкрутте болатын сайысқа дайындалып жатырмыз”, – дейді Малика.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2018 21:30

Бойжеткен өнерін тастамайтынын айтады. Себебі:

“Өйткені ол маған күш-қуат береді және де басқа елдерге барамын”, – дейді ол.

Айта кететін жайт, Маликаның ән айтатын қабілеті де бар. Ол бір кездері әнші Әміремен бірге вокалға қатысқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: