Жаңалықтар тізбегі
0

"Үстірт құпиясы". Көне акулалардың тістері

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45 Сурет: zakon.kz
Күн ұясынан жаңа шыққанда заттарын жинап қойған жұртшылық алдағы жоспарды талқылап жатты.

Таңға жуық соққан қатты желден ұйқылары бұзылған "Үстірт құпиясы" экспедициясының мүшелері бұл күні ерте оянды. Екпіні тігілген шатырларды көтерілуге шақ қалған табиғат құбылысына көнбеске амал бар ма?

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Күн ұясынан жаңа шыққанда заттарын жинап қойған жұртшылық алдағы жоспарды талқылап жатты.

"Бүгін көне акула тістерін іздейміз", – деді ортадағы біреуі. "Бұл маңда қандай акула?", – деді екіншісі. Содан бұл әңгіме таңғы ас кезінде үшінші, төртінші адамға тарап, жаңа дерекке қызыққан ел жолға шығуға асықты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Күн көтерілген шақта түнімен иелеріне желден қалқа болған жол талғамайтын көліктер оталып, Айрақты маңын шаңға бөктіре жүріп кетті. Ұзақ жолға шықпас бұрын экспедиция мүшелері екінші күні зерттелмей қалған Айрақты аймағындағы ғажаптарды тамашалап қайтуды ұйғарды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Түнде үзілген "Айрақты" атауына қатысты әңгіме осы арада жалғасын тапты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Екі күннен бері Маңғыстау жайлы түрлі деректер айтып, жиналған жұртты аузына қаратқан өлкетанушы, геолог Бекболат Төлегенұлы бұл жолы да шет қалмады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Ол "Айрақты" атауының шығу тарихына байланысты бірнеше деректің барын жеткізді.

Соның бірі бойынша, Айрақты тауы таға тәріздес айрық болғандықтан атауы да содан шыққан делінеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Екіншісі бойынша, көне түрікмен тілінде "айрақ" – "архар" дегенді білдіреді екен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Расында, бұл аймақта архарлар көптеп мекен етеді. Тіпті, ғалымдар тапқан Айрақтыдағы петроглифтердің негізгі сюжеті осы жануарға арналғаны белгілі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Тағы бір белгілі болған дүние – бұл аймақтағы әсемдікке қарап, табиғаттан асқан суретші жоқ екеніне көз жеткізесің.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Кезінде поляк зерттеушісі Бронислав Залевский: "Айрақты таулары Рим пантеондарынан кем түспейтін табиғи қала сияқты", – деп, бекер айтпаса керек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Айрақтыдан шығып, көліктер керуені түс уақыты болғанда Тұзбайыр атанған мекенге келді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Маңғыстауды Қазақстанның басқа өлкелерімен байланыстыратын бүгінде жалғыз қақпа саналатын Манатаның етегіндегі Тұзбайыр – туристердің де, ғалымдардың да қызығушылығын туғызатын аймақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Біріншілер үшін таңғажайып мекеннің көзді тамсандырар табиғатын көру қызық. Үлкен аумақты алып жатқан сорға қараудың өзі бір ғанибет. Ортада теп-тегіс болып жылтырап жатқан тұз – тұз емес, коньки тебетін мұз сияқты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Ал, әк тастан тұратын шатқалдар алыстан қарағанда алып қамалдарды еске салады.

Екіншілер, яғни ғалымдарға, ежелгі балықтардың сүйектерін табу қызық. Иә, сіз қате оқымадыңыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Бұл жер, расында, ежелде жойылып кеткен балықтар мен жәндіктердің қалдығына бай. Оның себебі, осыдан 14-10 млн. жыл бұрын, яғни неоген дәуірінде, бұл жер "Сармат теңізі" деген қазіргі Венадан Тянь-Шаньға дейін созылған үлкен теңіздің түбі болған.

Сол үшін де мұнда палеонтолог ғалымдар көптеп келеді. Олар өздеріне қажет сүйектерді іздеп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Ғалымдар ғана емес, кей туристер де Тұзбайырға келгенде тастардың арасын қарап, жер қазып, олжа тауып жатады.

Мысалы, мына төрт тіс – көне акулалардікі. Ал, анау тұрған домалақ – бір жәндіктің сауыты болса керек. Біреулер сорды қызықтап, көне тістерді іздеумен жүргенде, екіншілер көліктерінің ақауларын жөндеп, алдағы жолға дайындалып жатты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Үшіншілер болса, музыкалық аспаптарын алып, әуендерімен айналадағыларды сонау бір алыс заманға, Сармат теңізінің жағалауына "алып кетті".

Шаңқай түс болды дегенде ел қайта жиналып, жолға шықты. Біраз жерді жүріп өтіп, экспедиция 25 шақырымға созылған Тұзбайырдың сайына түсіп түнеуді ұйғарды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Ыстықта тығылар көлеңке таппаған экспедиция мүшелері Күн еңкейгенде жоталардың артына жасырынып, кешкі ас дайындауға кірісті. Енді біреулер айналаны шолуға кірісті. Әсіресе, балалар бір орында тұрмай "Тағы бірнәрсе тауып алармын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Тағы бірнәрсе көріп қалармын" деген оймен, жотадан-жотаға шығып, айналадағы тіршілік иесінің назарын өздеріне аудартып, мәз-мейрам болды.

Топырақ астынан шығып келе жатқан сұңғыла да: "Бұл келіп қалған кімдер екен, ей?" деп, таңырқай сығалап тұрғандай.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:45

Экспедицияның соңғы көлігі белгіленген жерге жақындаған шақта кешкі ас та дайын болған еді. Күн батқан шақта от жағылып, ошақ қасында қас қарайғанша әңгіме айтылды.

Дереккөзі: Massaget.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: