Жаңалықтар тізбегі
0

Өлілерден де ақша істеп отыр: Айша Бибі мазарына кіру ақылы болғаны үшін жұрт шу шығарды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 17:05 Сурет: zakon.kz
Айша Бибінің мазарына көп жылдан кейін келіп тұрған зейнеткер оған кіру ақылы дегенді естігенде таң қалыпты.

Таразда Айша Бибі мазарына кіруді ақылы қылғаны үшін тұрғындар шу шығарды. Өйткені осыған дейін ол жерде зиярат ету тегін болып келген, деп жазады Sn.kz.

Өзін әскери әуе саласында қызмет етіп, зейнетке шыққанмын деп таныстырған әйел айғайға басып, мавзолейдің қызметкерлерін жағадан алды. Зиярат жасауға келген өзге тұрғындар оны қолдай кеткен. Ал, болған жайтты куәгерлердің бірі бейнекамерасына түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратты.

«О заманда бұ заман, әулиенің жеріне кіру ақылы болған емес. Ұят қой бұл. Нұрсұлтан Назарбаевқа осы жайтты баяндап, үндеу жолдаймын», - дейді зейнеткер Ақбота Құрманбекова.

Айша Бибінің мазарына көп жылдан кейін келіп тұрған зейнеткер оған кіру ақылы дегенді естігенде таң қалыпты. Тегін етпесе ол мазар басшылығын сотқа беремін деп отыр. Ал кесененің әкімшілігі болса қала әкімшілігінен осындай тапсырма келгенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: