Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сағынтаев: 2025 жылға қарай 4 трлн теңге шамасында салық жинаймыз деп жоспарлап отырмыз

Мемлекет қазынаға қосымша табыс түседі деп күтеді.

Сурет : BNews.kz18 Мамыр 2018, 13:07

ХІ Астана экономикалық форумының екінші күнінде «Жаһандық өзгерістер практикумы» атты пленарлық отырыста ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев экономика алаңынан жоғалмас үшін Үкіметтің әлемдік бағдарламаларға бейімделіп, мегажобалар жасау керегін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз Үкіметте соңғы 4 жылда Ду Ин бизнес бойынша реформалардың 6 пакетін өткіздік. Бұл өз экономикамызды құруға және жылдам алға жылжуға мүмкіндік береді. Бизнес қана емес, біздің міндетіміздегі барлық бағыттар бойынша реттеу жүріп жатыр. Былтыр жаңа салық кодексін қабылдап, жаңа салық реформасын жүргіздік. Салық реформасы инвестициялық өсім көздерін зерттеуге бағытталған. Осы өзгерістердің арқасында 2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге шамасында салық жинаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Сағынтаев АЭФ барысында.
Ол Үкіметтің салалық бағдарламаларға жетекшілік ететінін, әлемде үнемі болып жатқан жаңа ағымдар атқарып отырған жұмыстарға бірқатар түзетулер енгізіп, жаңа бағдарламалар қабылдауды талап ететінін атап өтті.

«IT саласы ғана емес экономикамыз да толығымен цифрлануға көшіп жатыр. Сол себепті «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Экономика алаңынан жоғалып кетпеу үшін әлемдік реалиялар мен қабылданған бағдарламаларға тез бейімделуіміз керек. Мұны мегажобаларсыз жасау мүмкін емес. Қазақстан Каспий қайраңын игеруден бастап табысты мегажобаларды жетілдіруге бейімделіп отыр. Бүгін біз 20 жыл бұрын болмаған керемет елордамыз Астанада тұрмыз, бұл да табысты мегажоба. Былтыр ЭКСПО халықаралық көрмесін өткіздік, биыл Астана халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Үкімет әрдайым барлық өзгерістерге бейім және алдымызда тұрған міндеттерді табысты іске асырады», - деді Сағынтаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер