Демалыс күндері ауа райы 35 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстан аумағына антициклон ықпалын тигізетін болады.
Алдағы демалыс күндері жылы және жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан ауа түсіп, +30…+35 градусқа дейін температураның жоғарылауын тудырады.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында сенбі және жексенбі күндері түнде суық сақталады. Алайда жексенбіде күндіз +25+30 градусқа дейін температураның күрт көтерілуі күтіледі.
Бөлісу
0
Толық оқу