Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша әлем чемпионатын қабылдайды

stan.kz stan.kz
Қазақстан құрамасы 2 жыл қатарынан ӘЧ-ның бірінші дивизионынан элитаға өте алмаған еді.

Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша ерлер арасындағы чемпионаттың А тобын қабылдайтын болды. Бұл туралы Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«17 мамырда Копенгагенде (Дания) шайбалы хоккей халықаралық федерациясының жылдық конгресі өтті. 2019 жылы хоккейден ерлер арасындағы чемпионаттың А тобын ұйымдастыруға Қазақстан мен Словения мемлекеттері ұсыныс білдірді.

Бүгін, 18 мамырда, дауыс беру жүріп, Қазақстан жеңіске жетті. Қазақстан тариха алғаш рет хоккейден ерлер арасындағы чемпионаттың А тобын қабылдайды», – делінеді хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 2 жыл қатарынан ӘЧ-ның бірінші дивизионынан элитаға өте алмаған еді. Команда элиталық дивизионда 2015 жылы соңғы рет ойнаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз