Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда кене шағудан жапа шеккендердің саны артуда

Кене шағудан кене инфекциясына шалдығу қаупі туындайды.

Сурет : Baq.kz21 Мамыр 2018, 12:49

Кенелер белсенділігінің өршу уақыты жақындап келеді. Бұған қоса, осы жәндіктердің шағуынан жапа шеккендер саны артып жатыр. «Сантитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ҒПО» мәліметінше, бүгінде Қазақстанда кене 4831адамды шаққан, деп хабарлайды Baq.kz.

Кене шағудан кене инфекциясына шалдығу қаупі туындайды. Мысалы, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын ауыр инфекциялық кесел – кене энцефалиті адамның мүгедектігіне немесе өліміне апарып соғуы мүмкін. Дегенмен, бұл кенелер тарата алатын жалғыз ғана жұқпалы дерт емес. Кене энцефалиті мен кене боррелиозы жөлек кенелерден жұғады. Кене энцефалиті туралы естіген болсақ, ал боррелиоз немесе өзге де кене инфекциялары туралы аз білеміз.

Жоғарыда аталған кеселдердің уақтылы анықталмауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, кене шаққан адамның өзіне төнген қауіпті байқамауы немесе болған оқиғаға салмақты түрде қарамауынан медициналық көмекке бірден жүгінбеуін атауға болады. Екіншіден, медициналық мекемеде қате диагноз қойылуы болуы мүмкін. Кейде тәжірибесіз мамандар сақина тәрізді эритема сияқты анық белгіні кене шағуына аллергиялық реакция деп бағалауы мүмкін. Бұған қоса, жәндік шаққан жерде ешқандай өзгеріс болмайтын эритемасыз түрі де жиі кездеседі. Оның нәтижесінде аурудың бастапқы кезеңі дер кезінде анықталмай қалады.

Уақтылы диагностика және емдеу тәсілінің дұрыс таңдалуы науқастардың толықтай айығуын қамтамасыз етеді.

«Кене шаққан кезде адамның кене энцефалиті мен кене боррелиозын қоздырушыларын жұқтырып алуы қаупі жоғары болады. Бірінші инфекция вирустық, екіншісі бактериалдық сипатқа ие. Қосымша ретінде кене энцефалитін ерте анықтау үшін келесі үш апта бойы күн сайын дене температурасын өлшеген дұрыс. Егер қызу көтерілсе, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Ауру белгілері байқалмаған жағдайда 21 күннен кейін ғана алаңдамауға болады. Бұған қоса, кене шаққаннан кейін 2-3 аптадан соң кене боррелиозына қан тапсыру керек», - дейді С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева.

Мамандардың сөзінше, барлық кенелер инфекция таратушы болып есептелмейді, сол себепті олар шабуыл жасағанда бірден үрейге бой алдырмау қажет. Ең дұрысы – табылған кенені зертханаға тапсырып, онда кене энцефалитін қоздырушының бар-жоғын анықтау.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер