Жаңалықтар тізбегі
0

Қыруар қаржы неге игерілмей қалды?

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 16:57 elorda.info
Басқарма басшысының сөзінше, қаржы-экономикалық негіздемені түзету туралы ұсыныс жіберілді. Бұл ұсынысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қарап жатыр.

Елорда әкімдігінің тапсырысын орындаушы акционерлік қоғамдардың бірқатары бөлінген қаржыны игермепті. Олардың есепшоттарында игерілмеген 8,3 млрд теңге қаржы жатыр екен. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысында қалалық Қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Елорда инфо.

Астана қалалық мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, сондай-ақ, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен отырысында 2017 жылға арналған қала бюджетінің орындалуы талқыланды. Тиісті мәселе бойынша Қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев баяндама жасады.

Мәслихат депутаттарында әкімдіктің тапсырысын орындаушы акционерлік қоғамдардың бөлінген қаржыны игеруі біраз сұрақтарды туындатты. Олардың есепшоттарында игерілмеген біраз қаржы жатыр екен. Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаштың айтуынша, бұл – үлкен мәселе.

«Бұл – қаланың ғана емес, тұтас республиканың проблемасы. Кезінде ақша бөлінді. Үнемдегеннен кейін қаржы есепшотта қалды. Яғни толығымен игерілмеді. Өкінішке қарай, бұл қаржыны қайтарудың механизмі жоқ. Сол себептен Қаржы министрлігіне хат жаздық. 2011 жылдан бері «ауада қалқып жүрген» ақша бар. Бұл – депозит емес, қазынашылық есепшоттарда қалған қаржы», - деді ол.

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ – 99 млн теңге, «Астана-Көгалдандыру» АҚ 546 мың теңгені игермеген. Игерілмеген қаржының жалпы сомасы 8,3 млрд теңге болса, 7,8 млрд теңге «Астана LRT» ЖШС есепшотында қалды. Мұны Әліби Жұмаев жеткізді.

Басқарма басшысының сөзінше, қаржы-экономикалық негіздемені түзету туралы ұсыныс жіберілді. Бұл ұсынысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қарап жатыр.

«Астана LRT» ЖШС өкілі болса есепшотында қалған қаржы 2016 жылы автобустарды сатып алу үшін Қытай даму банкінен алынған несиені жабуға бағытталатынын жеткізді.

Депутат Мирас Шекенов өз кезегінде квазимемлекеттік сектордың есепшоттарында қалған қаржының мәселесі шешілмейінше, аталмыш кәсіпорындардың өтініштерін қанағаттандырмау туралы айтты. Ал жалпы мәслихат депутаттары ескіріп кеткен қаржы-экономикалық негіздемелерді жойып, акционерлік қоғамдардың есепшотындағы қаржыны игеру үшін жаңа негіздемелерді әзірлеуді ұсынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: