Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астананың коммуналдық қызметтері дауыл салдарын жойып жатыр

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 22 мамырда елорда аумағында екпіні 25 м/с жететін дүлей дауыл соққан болатын.

Сурет : stan.kz22 Мамыр 2018, 15:54

Қазір Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимдегі жұмысқа кірісіп, дауылдың салдарын жойып жатыр. 14:30-дағы жағдайға сәйкес жедел жәрдем қызметіне жеңіл жарақат алған 13 адам жүгінген, деп хабарлайды zakon.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Дауыл салдарынан Түркістан көшесіндегі құрылыс алаңында мұнара кран, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратынан керамокранит, Арнасай 127 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үй алабының төбесінен шатыр жабындысы құлап, № 24 ОМ ғимаратының, Үркер шағын ауданында Е- 638 мекен-жайы бойынша орналасқан № 91 балабақшаның шатыр жабындысы ұшып кетіп, автокөлікке зақым тиді.

Оқыс оқиғалардың салдары туралы ақпаратты (фото, видео) қала тұрғындары 109 телефоны бойынша Ikomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарлай алады.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша 23 мамырда елорда аумағында желдің күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с (нормадан 2 есе артық) дейін жетпек.

Күндіз жаңбыр жауып, күшті жел соғуы ықтимал. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ведомство мамандары қатты жел кезінде пәтердегі немесе үйдегі терезелерді тығыз жабуға, терезеден сыртқа құлап кетуі мүмкін заттарды балкондардан алып тастауға, көшедегі бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысуға; үзілген сымдарға және қозғалып тұрған заттарға жақындамауға; олардың жанында көлікті қалдырмауға, жел басылғанша ең жақын тұрған ғимаратта (дүкен, кітапхана, сауда орталығы, үй подъезді, кинотеатр) жасырынуға кеңес береді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер