Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада кран жүргізушісі көрші крандағы дауылмен алысқан адамды видеоға түсіріп алған

Түсірілім кезінде түсіруші қорқынышпен бірге жақын жерде орналасқан «BI Group» құрылыс компаниясының басқа крандағы қызметкерінің дауылмен алысып, төмен түсіп бара жатқан іс-әрекетіне де түсініктеме беріп үлгеріп жатыр.

Сурет : Motor.kz23 Мамыр 2018, 09:06

WhatsApp мессенджерінен Астанадағы дауыл кезінде кранның жүргізушісі түсіріп алған видео тарап жатыр, деп хабарлайды Elorda Info.

Түсірілген бейнеде кран кабинасында отырған әйел адамның биіктікте ары-бері шайқалып жатқаны байқалады. Түсіру кезінде кран жүргізушісінің қорқыныштан айқайлап жатқаны және былапыт сөздері естіледі. Оның ары-бері шайқалғаннан үрейленгені және болып жатқан қатты дауылдан даурыққаны білініп тұр.

Түсірілім кезінде түсіруші қорқынышпен бірге жақын жерде орналасқан «BI Group» құрылыс компаниясының басқа крандағы қызметкерінің дауылмен алысып, төмен түсіп бара жатқан іс-әрекетіне де түсініктеме беріп үлгеріп жатыр.

Ол сондай-ақ, алдын-ала нашар ауа-райы туралы ескерту болмағанын да айтып, ұрсып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті берген ақпаратқа сәйкес, бүгін Астанада дауыл кезінде екі мұнара крандары құлап түсті. Олар:

- Есіл ауданы, Түркістан көшесіндегі 4а - салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үй аумағында құлаған, зардап шеккендер жоқ;

- Сарыарқа ауданы, Сұлукөл көшесі - 14, құрылыс нысанының аумағында құлаған, зардап шеккендер жоқ.

Кран жүргізушісі көрші крандағы дауылмен алысқан адамды видеоға түсіріп алған.

Сондай-ақ, басқа құрылысшылар да құрылыс салынып жатқан тұрғын үйлердің соңғы қабаттарынан дауылды түсіріп алған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер