Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жұлдыз Өмірғали КешYou тобында уақытша өнер көрсетеді

Үштікке Жұлдыз қайта оралды!

Сурет : Stan.kz23 Мамыр 2018, 11:26

«Кешью» гелзбендінің құрамында өзгеріс. «Хайп сыйламақ» болған сылқымдардың қатарынан, енді Элизатты көрмейсіздер. Атышулы ұжыммен қоштасқан арудың, бұл шешімге келуіне не түрткі болды? Топтың келешектегі тағдыры қалай өрбімек? Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Элизаттың «Кешьюден» кеткені әшкереленді. Бірақ, атышулы ұжымда ән салған ару, топтағы экс-әріптестерінің қылығын еш қайталамаймын деп, сендірген еді.

“Көбісі мысалы келісімшартты бітірмей кетіп жатады. Мысалы, Баян Мақсатқызын көбінесе ренжітіп қояды. Сондықтан басқалардың ізіне кетпей, Баян Мақсатқызының еңбегін ақтап, жазған келісімшартты аяқтап, кім біледі ертең не болатынын. Мен білмеймін ғой. Бірақ ойым сондай”, – деген еді Элизат.

Келісімшарты әлі 3 жылға дейін жарамды Элизаттың, гелзбендтегі жұмысын тоқтатуына не түрткі болды? Әлде әнші қыз ет-жақындарының өтінішін орындайын деді ме?

“Қызым-ау, қашан тұрмысқа шығасың? Сенің тойыңа барғымыз келеді. Көбінесе туысқандарымыз айтып жатады”, – деген болатын Элизат бұған дейінгі сұхбатында.

Берікованың бұл қадамына, махаббат машақаты себеп болуы мүмкін. Себебі:

“Элизат, Элизаттың басы бос емес”, – деп топтасының сырын ашқан болатын Балжан Бидаш.

Ал, Кешьюдің музыкалық жетекшісі Бағым, бір сұхбатында топтағы қыздардың тосынсыйына әбден тойғанын айтқан еді.

“Шынымды айтсам, мен әрдайым ұрысқақ әрі «Көкбет Баголя тәте» болудан шаршадым. Бір өкініштісі, қыздардың тұрмысқа шығатынын немесе жүкті екенін ең соңында біз естиміз”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Бірақ «Кешьюдің» жұмысы тоқтаған жоқ. Үштікке Жұлдыз қайта оралды!

“Менімен жұмыс істеген уақыт ішінде, бірде-бір сөз естімеген әрі артық әңгімеден ада – сол Жұлдыз ғана. Өте жақсы қыз! Маңдайына жазғаны сол болар, кезінде қоштасуға тура келді. Бірақ, алдағы уақытта біздің жобаларға шақырып, бірге жұмыс жасаймыз деген ойдамын”, – дейді Баян Алагөзова.

Ұзынқұлақтан естуімізше, Өмірғали ұжымда уақытша өнер көрсетеді. Бүгінде Баян басқаратын орталық, Балжан мен Назымның жанына жас қыздарды іріктеп, «Кешьюдің» жаңа құрамын жасақтамақ көрінеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер