Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Н.Нығматулин: Әлеуметтік қамсыздандыру Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында қолданыстағы заңнамаға, заң техникасының қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған редакциялық-нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізілген.

Сурет : www.parlam.kz23 Мамыр 2018, 12:34

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы zakon.kz parlam.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай Мәжіліс Төрағасы: -Бүгін біз әлеуметтік маңызы зор тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ең бастысы - бұл құжат тікелей Елбасымыздың бес бастамасында айтылған екінші бастаманы жүзеге асыруға бағытталып отыр. Осы өзгерістер жалақысы төмен азаматтарымыздың табысын көбейтуге зор ықпал ететіні сөзсіз,-деді.

Айта кетейік, Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында қолданыстағы заңнамаға, заң техникасының қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған редакциялық-нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізілген.

Жалпы осы құжатпен жұмыс барысында жұмыс тобы 100-ден астам түзету қарастырды. Оның барлығы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге арналған.

Заң жобасында 3 кодекске және 13 заңға түзетулер енгізу көзделген. (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер