Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Орталық саябағы жаңарады

almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2018 20:43 almaty.gov.kz
Онда қосымша ағаш отырғызылып, қала саябағының ортасындағы көлік тұрағын жабу есебінен асфальтбетон төселген аумақ қысқарады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Орталық мәдениет және демалыс саябағына барды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарушы компания 1,6 млрд. теңге жеке инвестиция бөлінген реконструкцияның кешенді жоспарын көрсетті.

Жаңарған саябақ аймақтарға бөлінеді, мұнда тегін скейтодром, воркаут және командалық ойындар алаңдары бар спорт аумағы, балалардың жаңа қалашығы пайда болады. Жаңа әрі заманауи аттракциондар жасалады.

Таяу арада тротуарларды жөндеу басталады, жарық көздері орнатылып, фонтандар жаңарады. Заманауи талапқа сай келмейтін сауда объектілері алынып тасталады. Мемлекеттік - жеке әріптестік қағидасы бойынша сонау 90–шы жылдан бері жұмыс істемей тұрған "Велотрек" қайта жасалады.

Қосымша ағаш отырғызылып, қала саябағының ортасындағы көлік тұрағын жабу есебінен асфальтбетон төселген аумақ қысқарады.

Айта кетерлігі, құрылыс жұмыстары келушілерге қолайлы болу үшін кезең бойынша жүретін болады.

Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: