Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскемен дүкендерінде қауіпті ойыншықтар анықталды

Сауда нүктелерінен алынып, сынама жүргізілген ойыншықтардың құрамындағы химиялық-физикалық көрсеткіштері мөлшерден тыс болып отыр.

Сурет : Хабар 2423 Мамыр 2018, 17:53

Өскеменнің ойыншық дүкендеріндегі тауарлардың тең жартысынан астамы техникалық талаптарға сай емес және таңбасыз болып шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Аймақтағы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеп отыр. Сауда нүктелерінен алынып, сынама жүргізілген ойыншықтардың құрамындағы химиялық-физикалық көрсеткіштері мөлшерден тыс болып отыр. 4 ай көлемінде 60 ойыншыққа сынама жүргізген мамандар тауарлардың өндірушісі, құрамы,сапасы туралы мәлімет жоқтығын алға тартады. Сұмдығы сол, бүлдіршіндердің көзін қызықтырған бұл ойыншықтардың бірнешеуінде формальдегид рұқсат етілген мөлшерден 2-3 есе, ал ауыр металға жататын кадмий 2 есе артық болып шыққан. Қазір қауіпті ойыншықтарды саудалағандарды әкімшілік жауапқа тарту шаралары жүргізіліп жатыр.

– 16 сауда орындары мен дүңгіршектеріне нұсқамалар берілді. Ол нұсқаулықтар бойынша 1 кәсіпкерге 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды және 4 кәсіпкерге шара қолдану үшін іс сот орындарына жолданды, дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Қуанышбеков.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер