Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Азаматтық авиация академиясы ҚР ИДМ-не берілді

Авиация саласының динамикалық дамуы азаматтық авиациядағы адами факторға, техниканың істен шығуына және авиациялық мамандарды даярлау деңгейіне қатысты оқыс оқиғалардың өсуімен қатар жүреді.

Сурет : sputniknews.kz23 Мамыр 2018, 17:57

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Оның айтуынша, 2018 жылдың 4 айы ішінде тасымалданған әуе жолаушыларының саны 21% немесе 2,3 млн. адам болды (2017 жылы 1,9 млн. адам) деп хабарлайды zakon.kz.

Авиация саласының динамикалық дамуы азаматтық авиациядағы адами факторға, техниканың істен шығуына және авиациялық мамандарды даярлау деңгейіне қатысты оқыс оқиғалардың өсуімен қатар жүреді.

«Ұшу қауіпсіздігінің деңгейін көтеру үшін Ұлыбританияның авиациялық билік органдарының үлгісі бойынша азаматтық авиациядағы бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ететін Акционерлік қоғам құрылады. Бірер күн бұрын ғана салалық жалғыз жоғары оқу мекемесі – Азаматтық Авиация Академиясы министрлікке берілді. Біз оқу процесіне еуропалық стандарттарды енгізіп, сапалы авиациялық мамандарды дайындайтын еуропалық оқу орталықтарын тарту шараларын қабылдаймыз»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Шағын қалалардың және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін әуе тасымалының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шағын авиацияны дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жергілікті маңыздағы 16 аймақішілік аэродромдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда.

Сол үшін «Жетісу» әуе компаниясының базасында сыйымдылығы 19 жолаушыға дейінгі әуе кемелерінің флотын жаңарту жоспарланып отыр. Алғашқы 2 ұшақ биыл жыл соңына дейін алынады.

Биыл Семей әуежайында ұшу-қону жолағы пайдалануға беріліп, Қостанай әуежайында жолақты реконструкциялау жұмыстары басталды.

Министрдің айтуы бойынша, халықаралық бағытта рейстердің географиясы кеңеюде.

Биыл жыл басынан бері Атырау-Франкфурт және Рига-Алматы бағыттары ашылды. Таяу уақытта Астанадан Вильнюске және Тюмень, Қазан және тағы басқа да бірқатар ресейлік қалаларға рейстер ашу жоспарланып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер