Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Күні бойы отырудың тағы бір қаупі анықталды

Эксперимент 28 күн бойы тышқандарға жүргізілді.

Сурет : Baq.kz24 Мамыр 2018, 11:58

Милан университетінің ғалымдары аяқтарға салмақ салу нейродегенеративті аурулардың, оның ішінде жұлынның семуі, шашыраңқы склероздың туу қаупін төмендететінін анықтады. Мамандардың мақаласы Frontiers in Neuroscience журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Эксперимент 28 күн бойы тышқандарға жүргізілді. Олардың құйрығын клеткаға таңып қойып, тек алдыңғы аяқтарымен қозғалатындай етіп жасалған. Тәжірибе барысында тышқандар дұрыс қоректенді және күйзеліс байқалмады. Содан соң мамандар организмде өмір бойы жаңа нейрондарды шығарып отыратын мидың субвентрикулярлы бөлігіне талдау жасады.

Сонда тышқандардың артқы аяқтарын қозғалыссыз қою жүйке баған жасушаларын 70 процентке азайтып тастаған. Импульсті беру және жүйке тінін оқшаулайтын көптеген нейрон толық жетілмеген.

Сондықтан ғалымдар аяққа жасалған жаттығулар сау жүйке талшықтарын шығаратын сигналдарға мүмкіндік береді деген қорытынды шығарды. Ал қозғалыс аз болғанда тінде оттек аз болады. Ол нейрондардың метаболизмін өзгертеді. Бұдан басқа кейбір геннің белсенділігі төмендейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер