Елорда түлектеріне әуе шарларын ұшыруға тыйым салынды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Бұл бұйрықтың жекеменшік қалалық жалпы орта білім беру мекемелеріне қатысы жоқ.

Астананың білім басқармасы қоршаған ортаны қорғау мақсатында орта мектептер алаңынан әуе шарларын ұшырмауды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 мамырда сағат 10.00-де елорданың барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтеді. Биыл қоршаған ортаны қорғау мақсатында ата-аналар қауымдастығының өтінішімен жалпы білім беру мектептеріне әуе шарларын ұшырмау туралы бұйрық бердік», - делінген білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі бұл бұйрықтың жекеменшік қалалық жалпы орта білім беру мекемелеріне қатысы жоқтығын атап өтті.

Сондай-ақ мекеме ұсынған деректерге сәйкес, 24 мамырда халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары үшін «Триумф» VI балы ұйымдастырылады. Онда халықаралық және республикалық олимпиадаларда топ жарған Астана мектептерінің 30 түлегі марапатталады.

Ал 15 маусымда барлық мектептерде оқу жылының қорытындысы бойыша аттестаттарды тапсыру салтанатты шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, маусым айының соңында қала басшылығы атынан «Алтын белгі» иегерлерінің түлектеріне құрмет көрсету мақсатымен «Елорда мақтанышы» салтанатты шарасы ұйымдастырылады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз