Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Көкшетау-Қызылорда пойызында ер адам саудагер әйелдің басын кесіп алған

Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды.

Сурет : sn.kz25 Мамыр 2018, 09:45

Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызда ер адам саудагер келіншектің басын кесіп алған. Дегенмен, полицейлер оқиғаның анық-қанығын ашып айтпай отыр. Ал қанды қылмыстың өзі Шу станциясында болған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Отарба осындағы темір жол вокзалына тоқтаған соң, коммерсант әйел жолаушыларға киім-кешек, азық-түлік ұсынып вагон ішіне кірген. Тек тамбурдан өте бергенде соқталдай жігіт денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, тамағынан орып жіберіпті. Қан-жоса болып құлаған келіншек сол жерде жан тапсырған.

Ал, қаскөй сол мезетте-ақ ұсталғанымен, мұндай қанды қылмысқа не үшін барғанын түсіндіре алмапты. Өйткені, ақыл-есінде ауытқу бар дейді полицейлер. Өзінің де диспансерден ем қабылдап шыққан беті көрінеді. Қасында анасы болған деген ақпарат бар. Енді осы ауруына байланысты жазадан да құтылып кетуі мүмкін.

«Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер