Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Петербургте өткен турнирде Арман Әшімовтің қолын сындырып алды

Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы – украиналық Александр Доскальчук болды.

Сурет : Baq.kz25 Мамыр 2018, 11:27

56,7 келі салмақта өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов 24 мамырда Санкт-Петербургте өткен M-1 Challenge 92 турнирінде жеңіліп қалды. «Матч-ТВ» телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы – украиналық Александр Доскальчук болды.

Жекпе-жек бар болғаны екі раундқа дейін ғана жалғасты. Екі раундта да украиналық спортшы басымдық танытты. Екінші раундтың соңында ол ауыртпа тәсілін қолданып, қазақстандық спортшы одан сытылып шықты. Бірақ Әшімов келесі раундқа шыққан жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының қолы сынған. Осылайша Арман үшінші рет жеңіліп отыр.

«Мұстафа Өзтүрік» лақап атты Әшімов биыл ақпан айында M-1 Challenge аралас жекпе-жек турнирінде ең жеңіл салмақ санатында уақытша чемпион болған. Ол финдік Микаэл Силандэраны сұлатып салған болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер