Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Telegram арқылы зейнетақы жинақтары туралы мәлімет алуға болады

Telegram - бот арқылы жеке зейнетақы көшірмесін алуға немесе оны жеке электронды почтаға жіберуге, жеке кабинетке кіруге арналған құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда қайта орнатуға болады.

Сурет : ҚазАқпарат25 Мамыр 2018, 15:19

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Telegram желісінде өз операция жүйесін іске қосты. Мұның көмегімен желі қолданушылары бірқатар қызметтерді ыңғайлы пайдалана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Telegram - бот арқылы жеке зейнетақы көшірмесін алуға немесе оны жеке электронды почтаға жіберуге, жеке кабинетке кіруге арналған құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда қайта орнатуға болады. Сондай-ақ, Telegram- бот көмегімен Қор туралы жаңалықтар мен мәліметтерді алып, жақын маңдағы бөлімшелерін табуға болады.

«Бұдан бөлек бот валюта бағамдарының ағымдағы бағасын көрсетіп, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін анықтауға, БЖЗҚ мобильді қосымшасын жүктеу үшін сілтеме алуға болады. Алдағы уақытта боттың мүмкіншілігін одан әрі дамытып, барынша пайдалы да ыңғайлы етуге күш саламыз» - деді БЖЗҚ баспасөз қызметінен.

Ботты қолдану үшін Telegram желісіндегі іздеу жүйесіне enpfbot деп тересіз. Бірінші қосылған кезде қолданушыларға тілді таңдау ұсынылады. Мемлекеттік немесе орыс тілін таңдаған соң, мәзірге кезек беріледі.

Еске саламыз, біраз бұрын Қазақстанда SMS-хабарлама арқылы ең жиі сұраныстағы 4 қызметті алуға мүмкіндік беретін @EgovKzKenesBot Telegram-боты жұмысын бастаған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер