Жаңалықтар тізбегі
0

Бөрлі ауданында "Ұлы дала жүйріктері" атты ұлттық спорт чемпионаты өтті

Чугиров Жадгер, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2018 23:29 Чугиров Жадгер
Қазақ күресі бойынша Темірлан Көлбай түйе палуан атанса, оның інісі Теміржан Көлбай өгі палуан деп танылды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарысқа палуандар, жеңіл атлеттер, шабандоздар, аударыспақшылар, көкпаршылар, теңге ілушілер қатысты.

Тай бəйгесі, құнан бəйгесі, қазақы жылқылар бəйгесі, қанды жылқылар бəйгесінен бақтарын сынауға келген шабандоздар жалдарынан жел есіп, атқан оқша зулаған сəйгүліктерінің қарымын осы дүрмекте сынап көрді. Қорытындысында Пугачев ауылынан келген А.Бақтығалиев (тай жарыс), александров ауылынан келген Н.Жиреншиев (құнан бәйге), қарақұдықтық Сатаев (қазақы бәйге), Б.Айжарықовтартар (қанды бәйге) оза шауып, бас жүлде алды.

Дүбірлі жарыстың тізбесіне жанкүйер қауымының делебесін қоздыратын аударыспақ, теңге ілу, көкпардың енгізілуі көпшілікті ерекше сүйсіндірді. Аударыспақтан әр салмақ бойынша Қосамқұлов (70 келі), Ғ.Әжіғалиев (80 келі), М.Бектияров (90 келі), Б.Мұқашев (+90 келі) мықтылығымен дараланды. Жаяу бәйгеде ақсайлық А.Долинный, теңге ілуде шыңғырлаулық А.Қабиев үздік болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2018 23:29

Қазақ күресі бойынша Темірлан Көлбай түйе палуан атанса, оның інісі Теміржан Көлбай өгі палуан деп танылды.

Көкпар ойынында бөрліліктер мен шыңғырлаулықтар жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен Бөрлі ауданының командасы басым түсті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2018 23:29

- Елбасымыз өз сөзінде «Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Ата бабамыз даланы қан төгіп, тер төгіп сақтап қалған» деген болатын. Биыл Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына бір жыл толуына орай, Бөрлі ауданында ұлттық ат спорты түрлерін дамыту және кеңінен тарату, жас спортшылардың шеберлігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ұлы дала жүйріктері» атты аудан чемпионатын ұйымдастырдық. Бұл жобамыз мақсатына жетті деп ойлаймын. Себебі, көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Бұйыртса, алдағы уақытта мұндай сайыстарды жүйелі өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

Аида Есенаманқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: