Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ Қытайда ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2018 20:56 Baq.kz
Өткен аптада Бейжіңде консулдық мәселелер бойынша кезекті Қазақстан-Қытай консультациялары өтті.

Қазақстан және Қытай сыртқы саяси ведомстволары консулдық мәселелер туралы консультациялар өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Өткен аптада Бейжіңде консулдық мәселелер бойынша кезекті Қазақстан-Қытай консультациялары өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарды.

Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай тұрғындарының өзара сапарларының өзекті мәселелері бойынша толыққанды келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық тарап Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселені қозғады. Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істерін объективті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтылды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешудің ортақ амалын ойластыруға уағдаласты.

Сонымен қатар, консультациялар барысында елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің халықаралық әуежайларында Қазақстан және Қытай азаматтарының келу/кету және транзитпен өту тәртібі туралы ақпарат алмасты.

Визалық саясат саласында туындайтын мәселелердің техникалық сипатын ескере отырып, тараптар екі ел азаматтарының өзара сапарлары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ тұрақты консультацияларды одан әрі жалғастыруға келісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: