Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстандық компанияларды капитал нарығына шығару отандық экономиканың дамуына серпін береді

«Самұрық-Қазына» қоры активтерін жекешелендіру бағдарламасы ЖІӨ мемлекеттің үлесін 2021 жылға қарай 15% дейін төмендету аясында жүзеге асырылады.

Сурет : www.zakon.kz28 Мамыр 2018, 15:50

«Мәскеу-Екатеринбург-Қазан-Астрахань» бейне көпірі аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Трансформациялау, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер мен елімізде мемлекеттік активтерді жекешелендіру үдерісінің сипаты жайлы айтып берді деп жазады zakon.kz.

Н.Рахметов пікірінше, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 70 млрд. долл. активімен әлемдегі ең ірі 30 егемен қорлардың қатарына кіреді.

«Самұрық-Қазына» қоры активтерін жекешелендіру бағдарламасы ЖІӨ мемлекеттің үлесін 2021 жылға қарай 15% дейін төмендету аясында жүзеге асырылады.

«Біздің мақсатымыз - мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін азайту, жеке сектордың үлесін арттыру. Бүгінгі таңда іс жүзінде141 актив бәсекелестік ортаға берілді. 2018 жылдың соңына дейін тағы 50 компанияны өткізу қажет. Активтердің елеулі бөлігін өткіздік», - деді Н.Рахметов.

Ол шетелдік инвесторларды энергетика, мұнай-химия, тау-кен, көлік және логистика салаларында жұмыс істейтін қазақстандық ірі ұлттық активтерді жекешелендіру үдерісіне қатысуға шақырды.Қазіргі уақытта ресейлік инвестицияның үлесі шамамен 5% құрайды.

Н.Рахметов пікірінше, қазақстандық компанияларды капитал нарығына шығару бірінші кезекте портфельдік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттырады. Сондай-ақ, бағдарламаны іске асыру жаңа жобалар мен өндірістерді дамытуға, корпоративтік басқарудың ашықтығы мен стандарттарын арттыруға мүмкіндік береді.

«Бұдан басқа, стратегиялық инвесторлармен әріптестікті дамыту арқылы технологияларға және ноу-хауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер