Жаңалықтар тізбегі
0

Англияда жолаушылар мінген пойыз жоғалды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2018 15:29 Baq.kz
Пойыз Англияның солтүстігінде орналасқан Ньюкасл-апон-Тайн қаласынан шығады.

Ұлыбританияда пойыздың машинисті бағдарын шатастырып, жүздеген жолаушыны басқа қалаға алып кетті. Бұл туралы Daily Mirror сайты жазады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Пойыз Англияның солтүстігінде орналасқан Ньюкасл-апон-Тайн қаласынан шығады. Қала Лондоннан 446 километр қашықтықта орналасқан. Жолаушылар ел астанасынан 60 шақырым жерде орналасқан оңтүстіктегі Рединг қаласына бару керек болған. Бірақ Донкастер қаласында келеңсіз жағдай болып, диспетчерлер оны вокзалдың сыртындағы күту жолына жіберген. Ал пойыз болса, түсініксіз себеппен дұрыс бұрылмай, оңтүстікке емес, Англияның батысына қарай жүріп кетеді. Машинист Уэст-Йоркшир графтығындағы Понтевракт қаласына барғанда қателескенін түсінеді.

«Қазір мен жоғалған пойызбен Понтефракт маңындамын. Біз мұнда тұрып қалдық, себебі пойызды жүргізуші жолды шатастырды. Дәл осылай болады деп кім ойлаған?» - деп жазды жолаушылардың бірі Twitter-де.

Оның айтуынша, жүздеген жолаушы проблеманың шешілуін күткен.

Понтефракт маңында ұзақ тұрған пойыз артқа қарай шығып, шатасқан жеріне бір сағатта жетті. Содан соң жолаушылар Саут-Йоркшир графтығындағы Шеффилд қаласынан түсіп, Бирмингемге дейінгі пойызға отырды. Кейін Бирмингемнен Редингке дейін басқа пойызбен 1 сағат 40 минутта жетуге болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: