Таразда автобус аударылып қалды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

Бүгін Таразда қалалық қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнындағы фотосуреттер әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда Төле би даңғылы мен Мечников көшесінің қиылысында, «Орталық мешіт» аялдамасының маңында аударылған автобустың жатқанын көруге болады.

Бұл №16 бағдардың автобус болып шықты. Бастапқы нұсқа бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен келе жатып көлікті аударып алған.

Жамбыл облыстық ТЖД бөлім бастығы Дәулет Ахметбековтің айтуынша, жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

«Жедел жәрдем шақырылды, бірақ ешкім зардап шекпегендіктен олар қайтып кетті», - деді ол.

Жамбыл облыстық ІІД жол апатына қатымты қосымша ақпараттарды кейінірек жариялайтындықтарын мәлім етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз