Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бельгияда ер адам екі полицейді атып өлтірді

Полицейлерден тыс, сол маңнан өтіп бара жатқан автомобильдердің бірінің жолаушысы да мерт болды.

Сурет : www.inform.kz29 Мамыр 2018, 17:05

Бельгияның Льеж қаласында ер адам екі полицейді атып, кепіл ретінде бір адамды тұтқынға алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі RTBF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Қарулы қаскөй сейсенбі күні таңертең Льеждің орталық даңғылдарының бірінде полицейлерге оқ атып, соның салдарынан тәртіп сақшыларының екеуі де оқиға орнында қаза тапқан.

Полицейлерден тыс, сол маңнан өтіп бара жатқан автомобильдердің бірінің жолаушысы да мерт болды.

Бұдан бөлек, тағы екі адам жараланған. Содан кейін шабуылшы жақын жерде орналасқан мектепке барып, әйел адамды кепіл ретінде тұтқындаған.

Жедел шаралар нәтижесінде қаскөй атып өлтірілді. Полиция қанды оқиғаның лаңкестікпен байланысын тексеріп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер