Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскемендік жұмысшы опырылып кеткен топырақтың астында қалды

Құтқару жұмыстары 1 сағатқа созылды.

Сурет : altaynews.kz30 Мамыр 2018, 09:54

Өскеменде арық қазып жатқан жұмысшы үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бажов көшесінің бойында арық қазып жатқан жұмысшы кенет опырылған дымқыл топырақтың астында қалып қойған. Бұл кезде оның қасында үш әріптесі болған. Жұмысшылар дер кезінде құтқарушыларды шақырып үлгерген.

Арықтың тереңдігі 2 метр болғанына қарамастан, басын топырақ баспаған. Куәгерлер үйіндінің ауыр болғаны соншалық, уақыт өткен сайын астындағы адамның тыныс алуы қиынға соққанын айтады. Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары оны күрекпен аршып алған.

«Құтқару жұмыстары 1 сағатқа созылды. Ең бастысы, ол естен танған жоқ, бізбен сөйлесіп жатты», — дейді құтқару жасағының басшысы Сергей Голубев.

Зардап шегуші үйінді астынан шығарылған бетте жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның денесінен ешбір сынық пен жарақаттың белгісі байқалмағанымен, толық зерттеуден өткізу үшін ауруханаға жатқызылды


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер